$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ билігі Тайванға 10 млрд доллар бөлмек

Көмек «Қытайдан келетін шиеленістер мен қауіптердің күшеюі» аясында берілмек

АҚШ билігі Тайванға 10 млрд доллар бөлмек
REUTERS

АҚШ Тайванға 10 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Bloomberg басылымының жазуынша, АҚШ заң шығарушылары Тайванның қорғаныс қабілетін нығайтуға «Қытайдың қауіп-қатері» аясында 10 миллиард долларға дейін қаражат бөлуге дайын.

WSJ бұған дейін Вашингтон Тайванға қару-жарақ жеткізуде шамамен 19 миллиард долларға дейін қаржы бөлетінін хабарлаған.

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ заң шығарушылары Тайванның қорғаныс қабілетін нығайтуға күш жұмсамақ. Көмек «Қытайдан келетін шиеленістер мен қауіптердің күшеюі» аясында берілмек.

Бұрын The Wall Street Journal Конгресстегі және АҚШ Үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, АҚШ билігі әскери көмектің көп бөлігі Украинаға бағытталғандықтан, Тайваньды барлық қажетті қарумен қамтамасыз ете алмауы мүмкін деп те болжады.  

Серіктес жаңалықтары