БЖЗҚ 2023 жылы қордан алуға болатын соманың жеткілікті шегін жариялады

Келер жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шектің көлемі жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңге арасында болмақ

БЖЗҚ 2023 жылы қордан алуға болатын соманың жеткілікті шегін жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бойынша 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегінің көлемін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзіне сүйенсек, 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шектің көлемі жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңге арасында болмақ.

БЖЗҚ өкілдері хабарлағандай, 2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері өседі.

Осыған байланысты, қазақстандықтардың жинақтаушы қорынан белгілі бір мақсатта ақша пайдалану үшін қажетті төменгі жеткілікті шегі де көбейеді. Мәселен, 20 жастағы азамат жинақтаушы қорынан қаражат алу үшін оның зейнетақы жинағында кемі 3 260 000 теңге болу керек. Ал, 60-62 жастағы зейнетке таяған азамат заңда белгіленген мақсаттар үшін жинақ шотынан артық ақша алу үшін оның зейнетақы шотында кемі 9 890 000 теңге қаражат болуы шарт.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.