Польша украиналық босқындарға тұру ақысын енгізеді
Польша билігі Украина азаматтарының ағынына байланысты өз елінің азаматтарына салық жүктемесін азайтуды көздейді
Польшадағы украиндық босқындар келесі жылдың наурыз айынан бастап тұру үшін ақы төлеуге мәжбүр болады. Бұл туралы Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Польша үкіметінің шешіміне сәйкес, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 120 күннен астам ұжымдық мекемеде болған босқындарға төлем енгізілді. Алдымен олар тұру құнының 50%-ын, бірнеше айдан кейін 75% - ын жабады.
Бұл міндет мүгедектігі бар адамдарға, балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлік жастағы адамдарға және үш баладан артық тәрбиелеп отырған адамдарға қолданылмайды.
Сонымен қатар, 24 ақпанда соғыс басталғаннан кейін Польшаға келген Украина азаматтары міндетті түрде pesel нөміріне (тұрақты немесе уақытша тұратын адамдардың тізілімі) өтініш беруі керек.
«Біз босқындардың келесі толқынына дайындалып жатырмыз. Себебі, бүгінде Украинада бірнеше миллион адам электр энергиясына, суға, қарапайым тұрмыстық жағдайларға, санитарлық жағдайларға қол жеткізе алмайды. Біз поляк салық төлеушілері босқындардың кезекті толқынында салықты аз төлеуі үшін жүйенің сәйкесінше дайындалғанын қалаймыз», - деп атап өтті Моравецкий.