$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 600-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді

Шымкентте 600-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алған 600-ден астам отбасы жәрдемақыны қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Өйткені олар заңсыз алған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері осылай деп отыр. Заң бұзғандар табыс көзін жасырып, жалған анықтама жасатқан.

әтижесінде мемлекет қазынасына 30 млн теңгеден астам шығын келді. Тұрғындардың бір бөлігі алғашқы хабарландырудан соң, ақшаны өз еркімен қайтаруды ұйғарған. Ал 219 отбасының ісі сотқа өтті. Биыл атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер 66,5% азайды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі жұмысқа тартылған. 

 «Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді. Қазіргі таңда 219 отбасы қайтармауына байланысты біз сотқа бергенбіз. 200 отбасы соттың оң шешімін алып, 19 іс қазір соттың қарауында. Біреулер екі квартал алған. Біреу 3 квартал алған. Біреуі бір квартал бойы алған. Әр отбасы әр түрлі», - деді Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Серіктес жаңалықтары