Валюта бағамы: 30 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 30 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сәрсенбі күні доллар бағамы бір теңгеге көтеріліп, 468,43 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 467,99 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,67 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 468 теңгеден сатып алынып, 470,5-471 теңге аралығында сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 465-466 теңгеден сатып алынып, 469 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 468, 43 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 485,43 (еуро)
RUB / KZT – 7,67 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,14 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 65,35 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,55 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,18 (өзбек сомы).