Бүгін ауа райына байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін ескертеді

Бүгін ауа райына байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды
Фото ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, еліміздің кейбір облыстарында 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын болжайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында -40°С қатты аяз болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында оңтүстік батыстан қатты жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады.

Түркістанда да тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Алакөл аумағында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетеді деп болжанады.

Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін, осыған байланысты аязды ауа райы сақталатынын ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.