$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай билігі наразылық акциясынан соң санитарлық шектеулерді жеңілдететін болды

Полиция ауқымды наразылық шеруі өткен Шанхай көшелерінде бақылауды күшейтті

Қытай билігі наразылық акциясынан соң санитарлық шектеулерді жеңілдететін болды

Қытай билігі үкіметке қарсы ірі наразылық акциялары аясында коронавирусқа қарсы шаралардың жеңілдейтінін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Еуроньюс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция ауқымды наразылық шеруі өткен Шанхай көшелерінде бақылауды күшейтті. Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларының кетіп бара жатқан адамды тоқтатып, телефондарының ішіндегі фотосуреттер мен бейнежазбаларды тексеріп жатқанына шағымданады.

Шетелдік басылымдардың кем дегенде екі журналисі ұсатлды деген ақпарат бар. Олар BBC және Швейцария теледидарының тілшілері екені белгілі. Полицейлер БАҚ өкілдерін үкіметке қарсы манифесттерді жариялау туралы жауап алғаннан кейін босатты. Британдық журналистке қатысты ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзян ұсталған адамды БАҚ тәртібін бұзды деп айыптады.

«Сөз болып отырған тілші өзін журналист ретінде көрсетпеді және өзінің баспасөз құжаттарын өз еркімен көрсетпеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнындағы адамдарды таратуға тырысты. Қарсылық танытқандар шеттетілді», - деді ол.

Эпидемиямен байланысты шектеулерге қарсы наразылық акциялары Шанхай мен Уханьға да жетті. Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге қарсы шыққандарға полиция қызметкерлері қатаң күш қолданды. Джонс Хопкинс университетінің Саяси экономика профессоры Хофунг Хунгтың айтуынша, Бейжіңнен басқаша жауапты күтудің қажеті жоқ:

«Әзірге Үкімет қатаң репрессиялық шараларға сүйенеді. Олардың мәселені концессиялармен шешуге тырысып, өз саясатын өзгертетінін елестету мүмкін емес. Бұл Си Цзиньпин стилінде емес және бұл оларға жақсы ештеңе әкелмейді”, - деді ол.

Еске сала кетейік, 25 қарашада ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт салдарынан он адам қаза тауып, тағы тоғызы зардап шекті. Жергілікті тұрғындар санитарлық шектеулерге байланысты адамдарға ғимараттан шығуға тыйым салынғанын айтады. Алайда қала әкімшілігі мұны жоққа шығарады.

Серіктес жаңалықтары