$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді

Бұған ауа райының нашарлауы себеп

Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді
Фото ашық дереккөзден

Бүгін кешке қарай Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолында, «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолында (Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін), «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді.

Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.

Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салды.

Серіктес жаңалықтары