Қазақстанда 22 ЖЭО жекеменшікке өтіп кеткен – Энергетика министрлігі
Еліміздегі жылу электр орталықтарының салынғанына кем дегенде 60 жыл болған
ҚР Энергетика министрлігі жекеменшік қолында 22 ЖЭО бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда 10 мемлекеттік жылу электр орталығы, 5 квазимемлекеттік ЖЭО бар. Қалған 22 ЖЭО жекенің меншігіне өтіп кеткен.
Бүгінде жылу электр орталықтарының салынғанына орташа есеппен, кем дегенде 61 жыл болған. Олардың 76%-ға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. ЖЭО негізгі жабдықтарының орташа тозуы 66% құрап отыр.
«37 ЖЭО-ның жалпы қолда бар электр қуаты 6 517 МВт (электр станцияларының жалпы қолда бар қуатының 33,8%-ы), қолда бар жылу қуаты 20 135 Гкал/сағ құрайды. Аталған 37 нысанда 190 бу қазандығы, 41 ыстық су қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Министрлік атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстанда 22 жекеменшік ЖЭО жұмыс істейді. Ал мемлкет меншігінде 10, квазимемлекеттік секторда 5 ЖЭО бар.
Мемлекеттік ЖЭО:
- "Теплокоммуэнерго" (Семей);
- "Қостанай жылуэнергетика кәсіпорны";
- ЖЭО-5 "Кентау сервис" (Түркістан облысы);
- Орал ЖЭО "Жайықжылуэнерго" АҚ;
- "Арқалық жылуэнергетика кәсіпорны";
- ЖЭО-4 "Таразэнергоорталық" АҚ;
- "Шахтинскжылуэнерго" ЖШС (Шахтинск ЖЭО);
- ЖЭО-1 "Астана-Энергия" АҚ;
- ЖЭО-2 "Астана-Энергия" АҚ;
- "Кызылордажылуэлектрорталық".
Квазимемлекеттік ЖЭО:
- ЖЭО-1 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-3 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-2 "Алматы электр желілері" АҚ;
- ЖЭО-1 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау);
- ЖЭО-2 "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Ақтау және Маңғыстау облысы).
Жекеменшік ЖЭО:
- Балқаш ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
- Жезқазған ЖЭО - Kazakhmys Energy ЖШС;
- ЖЭО - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС;
- "Өскемен ЖЭО" ЖШС;
- Петропавл ЖЭО-2 "СевКазЭнерго" АҚ;
- "Риддер ЖЭО" АҚ;
- ЖЭО-ПВС - "Арселормиттал Теміртау" АҚ;
- ЖЭО-2 "АрселорМиттал Теміртау"АҚ;
- ЖЭО - "Текелі энергокешені" ЖШС;
- ЖЭО-1 "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС;
- ЖЭО-2 "Павлодарэнерго" АҚ;
- "Согра ЖЭО" ЖШС (Өскемен);
- Рудный ЖЭО - "ССГПО" АҚ;
- "Атырау ЖЭО" АҚ;
- ЖЭО-1 "Қазақстан алюминийі" АҚ ERG (Павлодар);
- "Степногор ЖЭО" ЖШС;
- ЖЭО-3 "Павлодарэнерго" АҚ;
- ЖЭО "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС;
- ЖЭО-3 "Қарағанды энергоцентр" АҚ;
- ЖЭО-3 "3-Энергоорталық" АҚ ERG (Шымкент);
- "Ақтөбе ЖЭО" АҚ;
- ГРЭС-1 Bassel Group LLS ЖШС (Теміртау).
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын.