$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін

Өңірдегі 5 демалыс базасы көшкін қаупі бар аймақта орналасқан

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін. Облыстық ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қолайсыз метеожағдайларға байланысты қар түрінде мол жауын-шашынның жаууы және облыстың таулы аудандарында желдің күшеюіне байланысты қар көшкіндерінің өздігінен түсуі мүмкін. Көшкін қаупі 26-28 қараша аралығында сақталады.

Облыс аумағында 497 қар көшкіні жиыны тіркелген, оның ішінде 325 ошақ 71 объектіге қауіп төндіреді: 44 тұрғын үйге, 93 км автомобиль жолдарына (15 км – республикалық маңызы бар, 78 км – облыстық маңызы бар). Ең қауіпті бағыттар – Өскемен-Самар 95-102,132-137 км, Өскемен-Таулы Үлбі 30-37 км, Өскемен-Северное-Серебрянск 58-65 км.

Өңірдегі 5 демалыс базасы көшкін қаупі бар аймақта орналасқан: Риддер қаласында – 2, Таулы Үлбі қаласында – 3», - делінген хабарламада.

Осы орайда, ШҚО ТЖД және ШҚ «Қазселденқорғау» филиалы мына іс-шараларды ұсынады:

- маршрутқа шығу кезінде ауа райы болжамын қарастырыңыз. Қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде тауға шығуға болмайды;

- жалғыз және қараңғы уақытта серуендеуге бармаңыз. Жақындарыңызға, құтқарушыларға маршрут пен жоспарларыңыз туралы хабарлауды ұмытпаңыз.

Қар көшкіні кезіндегі әрекет:

- жартастың, ағаштың артына паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;

- қар көшкініне түскеннен кейін, бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз;

- қарға батырылған кезде тізеңізді асқазанға қарай тартыңыз, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз, үстіңгі және астыңғы жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #қар көшкіні