24.11.2022, 03:17
Жаңалықтар
Талғарда «бомба қойылған» мектептен 1100 адам эвакуацияланды
фото: zakon.kz
Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан 1100 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ПД мәлімдеуінше, белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.
«23 қарашада сағат 14:45-те Алматы облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Талғар қаласы №3 орта мектебіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соған байланысты аталған орта мектептен 1000 оқушы, 90 мұғалім және 25 техникалық персонал эвакуацияланды», - деп көрсетті Алматы обылстық ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады