90 млн теңге пара алды деп айыпталған шенеунік ақталып шықты
Сот оның бұл іске қатысы барын дәлелдейтін айғақтың жоқ екенін айтты

Алаяқтық бабы бойынша істі болған Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 90 миллион теңгеге жуық пара алды деп айыпталған болатын. Шенеунікпен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Гүлайым Нұрмұханова да қамауға алынған еді. Тергеу материалында олар «баспана алып береміз» деп 50-ге жуық адамды алдады» деп көрсетілген.
Сот кезінде Жанаргүл Дүйсекенова «прокурор таққан айыпты негізсіз» деп мәлімдеді. Сот та оның бұл іске қатысы бар екендігін дәлелдейтін айғақтың жоқтығын айтып, сот залынан босатты.
Ал кінәсін толығымен мойындаған екінші айыпталушы 6 жылға сотталды. Ол енді жәбірленушілердің шығынын да өтеуі тиіс.