$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды

Мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы тиіс болатын

Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. Екіншіден, шағын және орта бизнес тарапынан асырасілтеу болмауы керек. ШОБ субъектісінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болса, мемлекет бірінші басшының шешімімен қашанда тексеруге баруға құқылы», - деді Ә. Қуантыров Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Айта кетсек, Қазақстанда кәсіпкерлік нысанларын тексеруге мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, оның күші 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы тиіс болатын.

Серіктес жаңалықтары