Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Синоптиктердің болжамынша кейбір аймақтарда жел көтеріліп, көктайғақ болады

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
фото: qazaqstan.tv

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түседі.

Шымкент, Түркістан қалаларында кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысына да қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қарлы боран. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, орталықта, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.