$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады

ОСК сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, барлық өңірдегі хаттамалардың түпнұсқасы жеткізілген.

Нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алған.

Сайлаушылардың берген дауысы бойынша:

– Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе 81,31%;

- Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз;

- Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз;

- Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз;

- Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз;

- Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген.

«Бәріне қарсымын» бағанды 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент  26 қарашада ант береді.

Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

Серіктес жаңалықтары