ШҚО-да ауыл тұрғынынан 8 қап есірткі тәркіленді
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған
ШҚО-да ауыл тұрғынынан 8 қап есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ШҚО ҰҚКД АБ қызметкерлері Шемонаиха полиция бөлімінің жедел қызметкерлерімен бірлесіп есірткі сақтады деп күдіктелген Верх-Уба ауылының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның үйінен 8 қапшық ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты табылып, тәркіленді, - деп көрсетті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Заттар сот-химиялық сараптамаға жолданған, оның нәтижелері бойынша қаптардың құрамы 10, 740 кг болды.кептірілген марихуана болып табылған.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.