21.11.2022, 15:40
Жаңалықтар
Лукашенко Тоқаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаю перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы