Президент сайлауында сайлаушылардың 69%-ы дауыс берді

Azattyq Rýhy

Дауыс берудің сағат 20.05-тегі қорытындысы жарияланды

Президент сайлауында сайлаушылардың 69%-ы дауыс берді
Фото: Azattyq Ruhy

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Астана уақыты бойынша сағат 20:00-дегі ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы алдын ала мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 20.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,31%-ы бюллетень алды.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 80,18 %

2. Ақмола облысы бойынша – 78,87 %

3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %

4. Алматы облысы бойынша – 72,10 %

5. Атырау облысы бойынша – 70,87 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%

7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %

8. Жетісу облысы бойынша – 81,43 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %

10. Қостанай облысы бойынша – 79,28 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 80,31 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,18 %

13. Павлодар облысы бойынша – 77,58%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%

15. Түркістан облысы бойынша – 80,37 %

16. Ұлытау облысы бойынша 75,48 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %

18. Астана қаласы бойынша – 48,67 %

19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%

20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 22.05-те берілетін болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.