$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тергеу изоляторында жатқандар мекемедегі сайлау учаскесінде дауыс берді

Тергеу изоляторында 900 астам күдікті сот үкімін күтіп жатыр

Алматыда тергеу изоляторында жатқандар мекемедегі сайлау учаскесінде дауыс берді

Алматыда №72 мекемесінің тергеу изоляторында жатқан күдіктілер мекемеде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104-бабының 3-бөлігінде сот түбегейлі үкімі шығарғанға дейін  тұтқынға алынған күдіктілердің сайлауға қатысуға құқығы бар. Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен сот үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Кезектен тыс президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді. Осыған орай Президент сайлауын өткізу үшін 5 кабина жабдықталды. Президент сайлауы күні тергеу тұтқынында жатқан және сот үкімі заңды күшіне енбеген 908 тұлға дауыс берді» - деді № 479 сайлау учаскесінің төрағасы әділет подполковнигі А. Аманжолов.

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, мекемеде қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында изоляторлардың камерасынан дауыс беретін учаскеге дейін қосымша посттар ұйымдастырылып, дауыс берушілердің қозғалыс маршруты бекітілген. Тергеу изоляторында 900 астам күдікті соттың үкімін күтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары