Халықтың сенімі жоғары болғандықтан, сайлауға барып жатыр - Мансұрхан Махамбетов
Ол алдағы 7 жылға сайланатын президентке зор жауапкершілік артылатынын айтты
Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов сайлауда азаматтардың белсенділік танытуы сенімнің барын көрсететінін айтты, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
«Бүгін Қазақстан халқы өз таңдауын жасап жатыр. Құбылып өршіп тұрған төрткүл дүниені жіті бақылап көріп отырған дана халқымыз сайлаудан сырт қалмай, бір адамдай дауыс беріп жатыр. Бұл - бірінші кезекте үлкен сенім. Бұл барлығынан бұрын халықтың қалауымен сайланатын ендігі Президенттің жауапкершілігі деп білемін. Алдағы жеті жылда халқымызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шұқтырмай, елдің амандығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға күш салу қажет», - деді Махамбетов.
Сондай-ақ, Мансұрхан Махамбетов осы бастамалар үшін өз таңдауын жасағанын айтты.