10 мың сайлау учаскесінде 20 мыңға жуық полицей тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр – ІІМ
Қоғамдық орындарда тағы 14 мың полицей қызмет етуде
10 мың сайлау учаскесінде 20 мыңға жуық полицей тәртіпті қамтамасыз етіп. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
«Сайлаудың жарты күнінде еліміздегі тұрақтылық қалыпты. ІІМ барлық жеке құрамы республика көлемінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп жатыр. 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде 20 мыңға жуық полицей жұмыс істеп жатыр. Одан басқа қоғамдық жерлерде 14 мыңға жуық полиция қызметкері қызмет атқаруда. Жедел-тергеу топтары да сақадай сай. Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы көше мен дауыс беру орындары жіті бақылауда. Министрлік тарапынан сайлау тиісті деңгейде өтуі үшін барлық қауіпсіздік шарасы қабылданды», - деді Мұратәлиев.
Осыған дейін Бас прокуратура өкілі сайлау кезінде ешқандай құқық бұзу дерегі тіркелмегенін айтты.