Ерлан Қошанов: Дауыс беру – отбасыңның, еліңнің болашағы үшін маңызды

Azattyq Rýhy

Елімізде дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар

Ерлан Қошанов: Дауыс беру – отбасыңның, еліңнің болашағы үшін маңызды

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sailau 2022 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Көңіл күйім өте керемет. Бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Әр азамат бүгін дауыс беруі керек деп ойлаймын. Дауыс беру – өз отбасының болашағы үшін, өз елінің болашағы үшін маңызды. Сондықтан барлық қазақстандықтарды бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасауға шақырамын», - деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, елімізде дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.

86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.