$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылды

Астанада өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды, оның екеуі бала

Өрт сөндіруші Аян Кемпіровке ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені тапсырылды

Өз өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан көқабатты үйден адамдарды аман алып шықан Аян Кемпіровке ҚР Президентінің Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасы тапсырылды. ТЖ министрі Юрий Ильин зардап шеккен елордалық өрт сөндірушілердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Министр өрт сөндіруші Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың емі қалай жүріп жатқанын сұрап білді. Қызметкерлердің туыстарымен кездесіп, оларға сабыр тіледі.

Қазір Асқар Забикулин №1 көпсалалы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, денесінің 80 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша жағдайы өте ауыр.

Ал № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров комбустиология бөлімінде емделуде. Ауруханада оған ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасы табысталды. 

«Маған Мемлекет басшысы жоғары сенім білдіріп, қызметтік борышыңызды орындау кезінде көрсеткен батылдығыңыз үшін алғыс айтуды тапсырды. Сіздің тез сауығып кетуіңізді тілеймін. Асқар Забикулиннің аман-есен ортамызға оралатынына үмітім зор. Оны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасы күтеді», - деді Юрий Ильин.

Естеріңізге сала кетсек, 16 қараша күні Астана қаласы ТЖ қызметіне  Бауыржан Момышұлы даңғылындағы 14-ші үйдегі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар шақырту бойынша жеткенде тұрғын үйдің он бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқан.

Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, дереу құтқару операциясын жүргізуге кіріскен. Көк түтіннен тұншыққан іштегі адамдар балконға шығып, көмек сұраған. Асқар Забикулин тұрғындарды құтқару үшін жауынгерлік киімін шешіп, жанып жатқан пәтерге кіруге мәжбүр болған. Салдарынан денесінің көп бөлігін жалын шарпып өткен. Осы уақытта Аян Кемпіров есікті бұзып кіріп, Асқармен бірге 80 жастағы әйел мен 22 жастағы қызды құтқарды.

 Жанып жатқан пәтерден шығарылған екі әйел көрші пәтерде бала қалғанын айтқан. Асқар кідірместен іштен он жасар баланы алып шықты. Сол күні өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды, оның екеуі бала. Он адам эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары