$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті

Форумға ҚР Президенттігіне кандидаттың 2,5 мыңға жуық сенімді өкілі қатысты. Олар – «AMANAT», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы сынды саяси партиялардың және Халықтық коалицияға кірген 30-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік мүшелері, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жақтастар форумы – кандидаттың сайлауалды науқанындағы соңғы іс-шара. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қолдау білдірген баршаға ризашылығын білдірді.

«Сайлауға дайындық жұмыстары аяқталды. Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Алдағы жексенбіде халқымыз елдің болашағын айқындайды. Бұл – мемлекетіміз үшін өте маңызды науқан. Жұртымыз осы сайлауға айрықша мән беріп отыр. Оның өз ерекшелігі бар. Сайлау науқаны үш айға жуық жүргізілді. Қоғам өкілдері қызу пікірталасқа түсті. Әртүрлі талқылау болды. Соның барысында игі бастамалар және тың ұсыныстар айтылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шара барысында Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұргүл Ұлжекова, зауыт шебері Мақсат Тоханов, кардиолог-дәрігер Гүлнәр Қамбарова, «Sensitive» естімейтін бишілер театрының солисі Айнұр Сайынова, Қостанай облысынан келген волонтер Юрий Преснов және «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аят Сүгірбай сөз сөйледі.

Жалпы үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллионға жуық сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Серіктес жаңалықтары