Астанада өрттен зардап шеккен өрт сөндірушіге үш бөлмелі пәтер берілетін болды
Екі адамды құтқарған Асқар Забикулин мен оның әріптесі Аян Кемпіров қазір ауруханада жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертфикатын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үш бөлмелі пәтер демеушілердің қаражатына алынған. Бұдан өзге, өрттен зардап шеккен екінші өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің ипотекалық несиесі бойынша қарызы кешірілетін болды.
Бұдан өзге, екі өрт сөндірушінің де банктерден алған несиесі, жалпы алғанда шамамен 6 млн теңге көлеміндегі соманы жабуға көмек берілетін болды.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы Момышұлы даңғылындағы үйдің 11-қабатында шыққан өрттен екі өрт сөндіруші зардап шекті. Қазір Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр, Аян Кемпіровтің жағдайы орташа жағдайда.