18.11.2022, 17:43
Жаңалықтар
Астанада ІІ Елизавета патшайымның атындағы гүлзар ашылады
Мәслихат депутаттары қалада жаңадан ашылатын демалыс орындарының тізімін бекітті
Фото ашық дереккөзден
Астанадағы Есіл өзенінің жағасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета атындағы гүлзар ашылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәслихаттың кезектен тыс сайлауында тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының жетекшісі Сәкен Есіркеп елордада бірқатар көшелер мен гүлзарларға жаңа атау берілетінін хабарлап, олардың тізімін ұсынды.
Осылайша, Қабанбай батыр даңғылыңының бойында орналасқан гүлзарға Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру туралы шешім қабылданды.
Бұдан өзге, дереккөзге сүйенсек, қаладағы жаңа көшелерге Орал Мұхамеджанов, Сафуан Шәймерденов, Шерхан Мұртаза, Дүкенбай Досжан, Еркеғали Рахмадиев сияқты біртуар азаматтардың есімі берілетін болды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады