18.11.2022, 16:17
Жаңалықтар
Еуроодақ Ресейдің құны 68 млрд еуро болатын активтерін бұғаттады
Олардың басым бөлігі Бельгияда орналасқан
Фото: ашық дереккөзден
Еуропалық Одақ Ресейдің құны 68 миллиард еуроны құрайтын активтерін бұғаттады. Олардың басым бөлігі Бельгияда орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«68 млрд еуроның 50 млрд еуросы Бельгияда орналасқан», - деп жазады Politico басылымы Еурокомиссия құжатына сілтеме жасап.
Одан кейін 5,5 млрд еуроны құрайтын активтер Люксембургте бұғатталды. Екі елдің, сонымен қатар Италия, Германия, Ирландия, Австрия және Францияның үлесіне қазір Ресейдің тыйым салынған активтерінің 90 пайыздан астамы тиесілі екені көрсетілген.
Алайда ЕО-ға Ресейдің еуропалық елдердегі бұғатталған ұлттық қорының нақты көлемі белгісіз. Құжатта олар шамамен 33,8 миллиард еуроға бағаланады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды