19.02.2020, 10:03
Жаңалықтар
Diamond Princess лайнеріндегі карантин аяқталды
Лайнерде Қазақстанның 4 азаматы бар
Фото: ашық дереккөзден
Diamond Princess круиздік лайнеріндегі 500 адам шығарылады. Тізімде қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Жапонияның Иокогама портында тұрған Diamond Princess кемесіндегі коронавирус жұқпасына байланысты енгізілген карантин алынып тасталды.
Лайнерде Қазақстанның 4 азаматы бар, оның екеуі 8 және 12 жастағы бала. Олардың елге қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Карантин екі апта бойы жалғасқан еді. Круиздік лайнерде 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Сәрсенбі күні вирус жұқтырмаған 540 адам лайнерден шығарылмақ. Олар негізінен орта жастан жоғары жолаушылар.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды