Петропавл жолдарында 100-ге тарта камера іске қосылды
«Ақылды» техника ереже бұзғандарды автоматты түрде тіркеп, айыппұл салады
Петропавл көшелерінде жол ережесінің бұзылуын тіркейтін 58 камера іске қосылды. Интеллектуалдық жүйе жылдамдық режимін бұзуды және тоқта сызығынан, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтушілерді анықтауға арналған. «Ақылды» техника ереже бұзғандарды автоматты режимде тіркеп, көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтайды және айыппұл салады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
28 жаңа аппараттық-бағдарламалық кешеннің «Limit-S» 8 жылдамдық өлшеуіші жолдардың желілік учаскелерінде орнатылған. Олар екі бағытқа бұрылған, ол сағатына 250 шақырымға дейінгі жылдамдықты тіркей алады. Облыс орталығында бірнеше көшеде 10, «Грин-парк» пен Мамлют тас жолындағы саяжай массиві маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 4 жылдамдық өлшеуіш жұмыс істейді.
Н.Назарбаев, Ғ.Мүсірепов пен Шәжімбаев көшелерінің қиылысында «Argus-Қиылыс» кешені жұмысын бастады. Петропавлдың айналма жолында, сондай-ақ Қызылжар, Мамлют пен Тимирязев аудандарында «Ағын» жүйесімен біріктірілген «Argus-Рубеж» 4 кешені іске қосылды.
«Апаттылық пен азаматтар өтініштерінің талдауын есепке ала отырып, жаңа кешендер қозғалыс қарқыны жоғары жол желісінің қауіпті учаскелерінде орнатылды. Осы шара жол-көлік оқиғаларыыңн алдын алуға, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларында көлік тәртібін сақтауға бағытталған. СҚО әкімдігінің қолдауымен облыстық полицияның бейнетехника паркі 58 жаңа объектіге толықты. АБК бөлек, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін 30 бұрылмалы бейнекамера орнатылды», — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
Жаңа аппараттық-бағдарламалық кешен бұған дейін тессік режимде жұмыс істеп тұрған болатын. Техника бүгіннен бастап ресми түрде іске қосылды.