$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының 30 мың тұрғыны суды тасып ішеді: Президент қала әкімдігіне тапсырма берді

Президент Наурызбай және Алатау аудандарында су жинайтын жаңа орталықтар салу қажет екенін айтты

Алматының 30 мың тұрғыны суды тасып ішеді: Президент қала әкімдігіне тапсырма берді
Фото: inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде қала басшылығына үш жылда шаһардың барлығы тұрғыны үшін ауыз суды қолжетімді етуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына баса мән беру қажет. Бірқатар ауданда орталықтан берілетін су жоқ. Алматының 30 мыңға жуық тұрғыны суды тасып ішеді. Әкімдікке 3 жылдың ішінде барлық тұрғындарға орталықтан су беруді тапсырамын.

Алдағы 2 жылда Қарғалы, Ақсай өзендерінен су алатын 2 ірі құрылғыны іске қосу керек. Наурызбай және Алатау аудандарында су жинайтын жаңа орталықтар салу қажет. Бұл шаралардың арқасында 150 мың адамға су беріледі. Ерменсай және Барлық өзендерінен су тарту жүйесін де іске қосу маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдікке ескірген коммуналдық инфрақұрылымды жаңартып отыру керек екенін ескертті.

«Су – тіршілік көзі. Тұрғындардың өмір сапасы тікелей суға байланысты. Сондықтан, сумен қамтамасыз ететін жаңа желі салу, ескілерін жаңғырту жұмысын басты назарда ұстау керек. Мен Алматының тарихи орталығында коммуналдық инфрақұрылымның тозып бара жатқанын айттым. Әкімдік ондағы ескірген желіні уақтылы жаңғыртып отыруы керек. Мысалы, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бар, соны тиімді пайдаланған жөн. Баршаңызға белгілі, қала халқының саны күн өткен сайын өсіп келеді. Сондықтан тұрғын-үй құрылысына айрықша мән беріледі», - деді Қ. Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары