$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері 739 мыңнан астам теңгеге парапар жалған ақша анықталды

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленген

Жыл басынан бері 739 мыңнан астам теңгеге парапар жалған ақша анықталды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық банкі банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің түсіндірмесіне сілтеме жасап.

Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді), деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аталған құжатта биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалғаны (161 дана) айтылған. Бұл жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі.

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.

ҚҰБ нақты банкноталарды жалған ақшадан кез келген адамға өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережесі барын еске салады.

Барлық банкнотада көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін шығыңқы жоғары бедерлі элемент түрінде белгілер бар.

Банкнотаның түсі анық әрі айқын болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотаны жарыққа ұстап қараған дұрыс.

Банкнота бетіндегі үзік-үзік түрінде шығатын жазбалары бар жіпке назар аударыңыз, оны жарыққа тосып қарағанда біртұтас жіп болып анық көрінеді.

Серіктес жаңалықтары