$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраудағы Антикор басшысы Ерлан Досанов азаматтарды қабылдады

Әркімнің жеке өзі және бейнеконференция арқылы байланысу мүмкіндігі болды

Атыраудағы Антикор басшысы Ерлан Досанов азаматтарды қабылдады

Өтініштерді қарау мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басым бағыттарының бірі болып танылды, мұнда басты қағидаттар азаматтардың құқығын қорғау үшін барынша күш-жігерді қосып, мәселелерді жедел және жан-жақты зерделеу болып саналады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осыған байланысты, өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

Кездесуде азаматтар Атырау облыстық Антикор басшысы Ерлан Досановқа мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне, мүгедектер үшін тиісті жағдайлардың болмауына, спорт саласындағы бұзушылықтарға және т.б. шағымдармен жүгінді.

Әркімнің жеке өзі және бейнеконференция арқылы байланысу мүмкіндігі болды.

Мәселен, Мақат ауданының кәсіпкері бейнеконференция арқылы ғимаратта жылыту бойынша қызмет көрсетуден бас тартқан аудандық жылу станциясының әрекеттеріне шағымданды.

Ерлан Досанов азаматтың ұсынған материалдарын тексеруді тапсырды, бұл мәселені жеке бақылауға алды.

Барлығы 15 азамат өтініш білдірді. Олардың ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі әуре-сарсаңға салу фактілері, жер қатынастарына қатысты мәселелер, жарыққа тарифтер, мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың болмауы және өзге де мәселелер бойынша шағымдары бар.

Қабылдау барысында Ерлан Досанов бірде-бір өтініш қараусыз қалмайтынына, ал дәлелдер расталған жағдайда кінәлі адамдар лайықты жазаға тартылатынына сендірді.

Осылайша, Агенттік ашықтықты көрсетіп, азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп әрекет етуге шақырады. Агенттіктің байланыс мәліметтері біздің сайтта орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысына күнделікті жеке қабылдауда шағымдар мен ұсыныстармен жүгіне алады.

Бұдан басқа, тұрғындармен тікелей және кері байланыс үшін 1424 call-орталығы тұрақты негізде жұмыс істейді, ол азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары