«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі жарияланды

Azattyq Rýhy

Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі жарияланды

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Отбасы банкі» жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлем қабілеттігін бағалау осы жылдың 7-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың ​ тұрғын үйді таңдау кезеңі биылғы 8 желтоқсаннан басталады.

Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. ​Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағынаудандарында орналасқан.

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде ​ көпбалалы отбасылар - 245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар - 187, толық емес отбасыларға 40 ​ лимит бөлінді. ​ Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап ​ «Отбасы банк» АҚ-ның интернет-ресурсы арқылы ​ жүзеге асырылған болатын.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі ​ әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.