$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жигули Дайрабаевтың штабы қанша қалада үгіт-насихат шараларын ұйымдастырды?

Өңірлердегі штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірледі

Жигули Дайрабаевтың штабы қанша қалада үгіт-насихат шараларын ұйымдастырды?
Фото ашық дереккөзден

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың штабы сайлауалды  үгіт-насихат науқанының аясында барлық 20 өңірді қамтыған. Олар 88 қалада және 166 ауылдық жерде үгіт-насихат шараларын ұйымдастырып, өңірлердегі штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70%-ы орындалды», - деп хабарланған штабтың ақпаратында.

Бүгінде Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облысының, сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қаласының сайлаушылармен кездесті. Ал кандидаттың сенімді өкілдері – «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасарлары Қайрат Айтуғанов пен Николай Арсютин Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесуде. Жигули Дайрабаев агроөнеркәсіптің өндірістік орталықтарына барып, олардың қызметімен танысты, жұмысшы ұжымдарымен сұхбаттасты. Сонымен қатар, ол әр аймақтың тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Кандидат келесі аптада Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары