$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мейрам Қажыкен Өскемендегі ГЭС ұжымымен кездесті

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды

Мейрам Қажыкен Өскемендегі ГЭС ұжымымен кездесті
Фото ашық дереккөзден

ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy кандидаттың штабына сілтеме жасап.

Сайлауалды бағдарламасының қысқаша таныстырылымынан кейін М.Қажыкен станция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Осыған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін және «Восток молоко» корпорациясына барған болатын. Сондай-ақ кандидат «Каравай» ЖШС ұжымымен де кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Серіктес жаңалықтары