Мейрам Қажыкен Ақтөбеде кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Ақтөбеде ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy кандидаттың штабына сілтеме жасап.
Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Аталмыш кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90%-кәсіподақта.
Кәсіпорын қызметкерлері М.Қажыкеннен партияға қатысты ақпараттар сұрап, Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселе көтерді.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Сайлауға үміткер ретінде Парламенттегі үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен «Халық» коалициясы ұсынған – Қасым-Жомарт Тоқаев, «Аманат» кәсіподақтар бірлестігі президенттікке кандидат етіп ұсынған Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан кандидат – Жигули Дайрабаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы» ұсынған Қарақат Әбден, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған кандидат Нұрлан Әуесбаев түскелі отыр.