Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі ұстазының үйіне барды
Президенттікке үміткер өзінің мұрағаттық фотосуреттерін көрсетті

ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Шымкенттегі ұстазы Зубайра Мелдебекқызының үйіне барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өзін болашақ ұрпақты тәрбиелеуге арнаған керемет кісі. Ол сияқты қарапайым және жанашыр адамдар біздің елімізді ұстайды. Өкінішке қарай, алты ай бұрын о дүниеге аттанды. Кеше мен оның жұбайына көңіл айту үшін келдім», - деді Нұрлан Әуесбаев.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Сайлауға бас-ағы 6 үміткер түседі.
Сайлауға үміткер ретінде Парламенттегі үш партия мен ондаған қоғамдық ұйым біріккен «Халық» коалициясы ұсынған – Қасым-Жомарт Тоқаев, «Аманат» кәсіподақтар бірлестігі президенттікке кандидат етіп ұсынған – Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан кандидат – Жигули Дайрабаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы» ұсынған – Қарақат Әбден, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған – Салтанат Тұрсынбекова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған кандидат Нұрлан Әуесбаев түскелі отыр.