$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда қысқы туризм қарқынды дамып келеді

Қазір өңірде шаңғы теуіп, пантон ванналарға түсу сәнге айналған

Шығыс Қазақстанда қысқы туризм қарқынды дамып келеді
Фото: inform.kz

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысына 600 мыңнан аса турист келіп демалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олардың қатары артқан сайын кәсіпкерлер де ізденіс үстінде. Осы жылы өңірде бір мезетте 19 мың адамды қабылдай алатын қонақүйлер желісі іске қосылды. Спорттық-сауықтыру кешендері де аз емес. Мысалы, тау-шаңғы базасындағы шипажайларды айтуға болады. Осындай жанға жайлы орындар Қазақстанның ТМД елдері арасында қысқы туризм бойынша үздік бестікке кіруіне мүмкіндік беріп отыр.

Қазір Шығыс Қазақстан облысында шаңғы теуіп, пантон ванналарға түсу сәнге айналған. Тау-шаңғы кешендерінің бірінде маралдарды да кездестіруге болады. Ен даланың еркелері емдік қасиеті өте мол 300-ден аса өсімдікпен қоректенеді. Сондықтан да мүйіз қаны дертке шипа.  

Өңірдің туристік инфроқұрылымы жыл сайын жаңарады. Таулы аймақтарда демалыс орындары қыста да салынып жатыр. Соңғы бір жылда көрсеткіштер екі есеге артты, дейді мамандар.

«Пандемия кезінде қазақстандықтар шетелге шыға алмады. Соның арқасында ішкі туризм дамыды», - дейді ШҚО Туристік агенттіктер қауымдастығының өкілі Мария Русина.

Қазақстандықтардың арасында қазір шетелден гөрі өзімізде демалғанды құп көретіндер аз емес. Сұраныс артқан жерде талап та күшейді. Сондықтан болар, қысқы курорттық аймақтар түрлене бастады. Мысалы, Таулы Үлбіде 5 арқан жолағы ашылды.

«Қазір қысқы маусымға дайындалып жатырмыз. Енді арқан жолағын сынақтан өткізіп, іске қосу ғана қалды»,- дейді арқан жолағының бастығы Игорь Туров.

Қазір бірнеше шақырымдық арқан жолағын салып, инфроқұрылымды дамыту табысты іске айналды. Оған қолдау да бар. Былтырдан бері тау-шаңғы курортына сатып алынған техниканың ¼ бөлігі бюджеттен өтеледі. Өңірде осы саланы дамыту үшін триллион теңге тартылмақ.   

ШҚО Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, қазіргі таңда облыста 220 орналастыру орны бар.

Онда 5 мыңнан аса жаңағы нөмір бар. Бір күнде қабылдай алатын 19 мың орналастыру орындары бар. Айтпақшы, биыл шығыстағы курорттық қонақүйлер 1 мың адамға көп қабылдай алады. Пандемиядан кейін кәсіпкерлер де бизнестерін кеңейтуге құлшынып отыр. Қазір Қазақстан халықаралық 80 әуе бағытын қайта жандандырып, 74 елмен визасыз режим орнатты.

Серіктес жаңалықтары