13.11.2022, 14:13
Жаңалықтар
Ақтауда дәмханада 2 адамды атып, қашып кеткен 6 күдікті ұсталды
Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды
polisia.kz
Ақтау қаласы криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады полициядан.
Еске сала кетейік, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген еді.
Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 2-бөлімі 9-тармағы (бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады