Астана мен Қарағанды облысында тауарлық газ бағасы арзандады
Астаналық тұтынушылар үшін жабдықтау үстемақысы 35,21%-ға, ал қарағандылықтар үшін 32,15% - ға төмендеді
Астана мен Қарағанды облысында тауарлық газ бағасы арзандады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасына сараптама жүргізді.
Соның нәтижесінде табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Астана қаласының тұтынушылары үшін жабдықтау үстемақысын 35,21%-ға, ал Қарағанды облысының тұтынушылары үшін 32,15% - ға төмендетті.
«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Астана қаласының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 906 теңгеге, ал Қарағанды облысының тұрғындары 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 1 281,25 теңгеге бұрын қолданыста болған бағадан төмен төлейтін болады», - делінген хабарламада.
Астанада бұған дейін 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 34 550,69 теңге, Қарағанды облысында 1000 м3 үшін (ҚҚС-сыз) 36 430,30 теңге болған.