Екпінді жел, бұрқасын, көктайғақ: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
12 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағытында соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.
Астана қаласы: 12-14 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағытында соғады, екпіні 15-20 м/с, 13-14 қарашада кей уақыттарда екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.
13-14 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, батыста, облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. 13 қараша облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде 30 м / с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады.
13-14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, 14 қарашада солтүстікте, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13 қарашада облыстың оңтүстігінде кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.
13-14 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын, 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 13 қарашада күндіз, 14 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.
14-15 қарашада Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағытында 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, 14 қарашада, 15 қарашаға қараған түні солтүстікте кейде 30 м/с немесе одан да артық жылдамдықпен соғады
14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс бағытындағы жел 15-20 м/с соғады, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кейде 30 м / с және одан да артық жылдамдықпен соғады.
14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жел оңтүстік-батыс бағытында, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 14 күні таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы кейде 30 м/с және одан да артық жылдамдықпен соғады.