$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақтар қытайлардан тараған». Қарағандыда қазақтарға тіл тигізген әйелге қылмыстық іс қозғалды

Іс материалдары Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына жолданды

«Қазақтар қытайлардан тараған». Қарағандыда қазақтарға тіл тигізген әйелге қылмыстық іс қозғалды
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда «Қазақтар мүлдем болмаған, қазақтар қытайлардан тараған» деп ұлтқа тіл тигізген әйелге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағандыда көшеде кетіп бара жатқан адамдар арасында Қазақ хандығы қашан құрылғаны туралы сауалнама жүргізілген. Сұраққа жауап берген егде жастағы әйел «Қайдағы хандық? Тарихта қазақтар мүлдем болмаған, қазақтар қытайлардан тараған» деген. Желі қолданушылары арасында әйелдің осы сөзі қызу талқыға түсті.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері әйелдің  жеке тұлғасын анықтады.

«Бұл факт ҚР ҚК 131-бабы «Тіл тигізу» бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Қарағанды қаласы Орталық полиция бөлімінде ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді», – делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Материал тиісті шара қабылдау үшін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотына жолданды.

Серіктес жаңалықтары