$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Өңірде биыл 200 келіден астам есірткі  заңсыз айналымнан алынды

Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
фото: egemen.kz

Қостанайда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүркіт» арнайы жасақтарының қатысуымен бір мезгілде есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Қостанай қаласының бес тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірінің үйінен 45 оралған полиэтилен байламы, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар көлемді қап тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келі болды. Әрі қарай тексеру кезінде арнайы жабдықталған екі жылыжай бөлмесі табылды. Онда қарасора өсімдіктері топырақ қосылған құмыраларда жарықтандыру шамдарының астында өсірілген», – деп түсіндірді Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Кейін ұсталғандардың бірінің балконында қарасора өсіруге арналған плантация анықталды. Балконның қабырғалары шағылыстыратын матамен қапталған, бөлме жылытқыштармен, жарықтандыру құрылғыларымен және желдеткішпен жабдықталған, 9 құмырада марихуана өсірілді.

«Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі құралдарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді Қостанай облысы ПД бастығы.

Серіктес жаңалықтары