$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Угандада Эбола індеті таралуына байланысты мектептер жабылады

Елде таралған Эболаның судан штаммына қарсы вакцина жоқ

Угандада Эбола індеті таралуына байланысты мектептер жабылады
фото: www.aljazeera.com

Уганданың білім министрі Джанет Катаха Мусевени 25-қараша мектептер уақытша жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Угандада оқу жылы 2 апта ерте аяқталатын болды. 23 оқушының Эбола безгегін жұқтыруы және сегізінен індеттен көз жұмуына байланысты осындай шешім қабылданды.

Білім министрлігі мектепті мерзімінен бұрын жабу вирус таралуын азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.

Уганда билігі 20-қыркүйекте Эбола безгегі етек жайғанын жариялады. Үкіметтің соңғы мәліметіне қарағанда, елде 135 індет жұқтыру фактісі тіркелген, 53 адам көз жұмған.

15-қазанда Уганда приезиденті Йовери Мусевени карантин жариялап, вирус көп таралған екі аймақта коменданттық сағат енгізді. Бастапқыда 3 аптаға енгілілген шектеу шаралары кейін 21 күнге ұзартылған болатын.

Серіктес жаңалықтары