$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент Атырау облысындағы жол құрылысын жеке бақылауына алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесті

Президент Атырау облысындағы жол құрылысын жеке бақылауына алды
Фото: atpress.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде өңірдегі жол құрылысының сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Облыстың инфрақұрылымын жақсарту керек. Жолдардың сапасы экономика мен халықтың өміріне тікелей әсер етеді. Атырау облысындағы бұл сала ақсап жатыр – жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда тұр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да нашар. Атырау-Астрахан тасжолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр.

Үкімет құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуі керек. Жалпы, өңірдегі ойқы-шойқы жолдар талай рет жұртшылықтың сынына ұшырады. Алайда жауапты органдар өз жұмысын дұрыс атқармағандықтан нәтиже жоқ. Ауданаралық, облысаралық жолдардың жағдайын жақсартпай, аймақтардың дамуы туралы айту қиын. Сондықтан жолдардың құрылысы менің жеке бақылауымда болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары