08.11.2022, 03:58
Жаңалықтар
Талдықорғанда құрылыс нысанында шетелдік азамат қаза тапты
Полиция қызметкерлері Талдықорғанда құрылыс объектісінде еңбек мигрантының қаза табуы бойынша тергеу жүргізуде
фото: vestivrn.ru
Талдықорғанда құрылыс нысанында шетелдік азамат қаза тапты. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
6 қараша күні құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты. 24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап қаза болғаны анықталды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.
ҚР ҚК-нің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
