Президент Ұлттық кеңестің бастамасын қолдады – Айгүл Орынбек
Бастамалар «естуші мемлекет» қағидасы бойынша жүзеге асырылып жатыр
Заңгер Айгүл Орынбек Мемлекет басшысының жария түрде заңдарға қол қою күнін тарихи сәт деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, әсіресе, ауыл тұрғындары мемлекеттен, биліктен үлкен үміт күтіп отыр.
«Алдағы әкімдердің сайлауында халық жергілікті жерлерге өзі таңдаған адамды сайлайды. Бұл – Ұлттық кеңес аясында жасалған ұсыныстың бірі. Осы мәселені Президент елеп-ескеріп, халықтың үніне құлақ асып, «естуші мемлекет» қағидасы бойынша жүзеге асып жатқанына қуаныштымыз. Мұндай тарихи күнде халық алдында бәріміздің басымызды қосып, керемет жаңалықты хабарлағанына ризамыз», - деді Айгүл Орынбек.
Айта кетейік, 5 қарашада Мемлекет басшысы алты заңға жария түрде қол қойған болатын.