$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде ұн бір жылда 43 пайызға қымбаттады

Биылғы қазан айында ұн бағасы 1,2 пайызға қымбаттады

Елімізде ұн бір жылда 43 пайызға қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында дәнді дақылдар мен көкөніс ұнынан, сондай-ақ ұсақ ұнтақтан алынған қоспалардан ұн өндіру 2,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,5%-ға артық көрсеткіш. Бұған дейін дәл осы кезеңде үш жыл қатарынан өндіріс көлемі азырақ болған еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Energyprom зерттеуінше, өндіріс көлемінің жартысынан астамы үш облысқа ғана тиесілі болды: Қостанай (784,1 мың тонна) және Солтүстік Қазақстан (243,7 мың тонна) облыстары, сондай-ақ Шымкент (197,6 мың тонна).

Ұнға деген сұранысты отандық ұн тартушылар 99 пайыз қамтамасыз етсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 99,5 пайызды құраған. Бұл ретте экспорт 28,3%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-тамызда 1,1 млн тоннаны құрады.

Бұл ретте ішкі нарықтағы сатылым бірден 22,2%-ға төмендеп, 838,8 мың тоннаға жеткен, ал бір жыл бұрын 3,6%-ға өскен.

«Бидай немесе бидай-қара бидай ұнының экспорттық бағасы бірден 41,6%-ға өсті. Өкен жылы ұнның экспорттық бағасының өсімі небәрі 11,9%-ды құраса, 2018 жылы сәйкес кезеңде баға 3,7%-ға төмендеген», - дейді сарапшылар.

2022 жылдың қазан айының қорытындысында ішкі нарықта тұтынушыларға арналған ұнның бағасы жыл басынан бері 41,3 пайызға және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3 пайызға қымбаттады.  

«Биылғы қазан айында ұн бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында ұн бағасының орташа айлық өсімі 3,5%-ды құрады. Салыстыру үшін, 2011-2021 жылдар аралығында сектордағы орташа айлық өсім 0,8%-ды құрады», - дейді сарапшылар.

Айта кетерлігі, осы жылдың қазан айында жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты үн 245 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары