ЕО Киевке қаржылай көмек ретінде 18 млрд еуро дайындап отыр
Еурокомиссия басшысы бұл мәселені Владимир Зеленскиймен телефон арқылы талқылады
Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен қаржылық қолдау аясында Киевке айына 1,5 миллиард еуро бөлуді ұсынды. Осындай мәлімдемемен ол Берлинде өткен Украинаны қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Брюссельде хабарланғандай, фон дер Лейен бұл мәселені Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы талқылады. Оның айтуынша, еуропалық көмек көлемі 2023 жылы шамамен 18 миллиард еуроны құрайды. Бұл сомаға ЕО-ға мүше болу жолындағы реформаларды қаржыландыру да кіреді.
Еурокомиссия басшысы халықаралық ұйымдар Киевтің қажеттіліктерін ай сайын 3-5 млрд-қа бағалайтынын және бұл тек биылғы жылғы шығыстар екенін атап өтті.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль үкімет келесі жылы бюджет тапшылығын жабу үшін ЕО-дан 1 млрд доллар және АҚШ-тан ай сайын 1,5 млрд доллар алады деп күтетінін айтты. Халықаралық валюта қоры осы жоспарларға сәйкес Киевке 12 млрд доллар беруі керек.