07.11.2022, 09:57
Жаңалықтар
Қаржылық пирамида салымшыларына 123 млн теңге қайтарылды
Ұйымдастырушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды
ҚМА жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды